USD 326.28

EUR 398.12

РУБ 5.30

Маңғыстаулық меценат жерлестеріне озық үлгідегі спорт кешенін салып берді

Маңғыстаулық меценат жерлестеріне озық үлгідегі спорт кешенін салып берді

Маңғыстаулық кәсіпкер жерлестеріне тарту жасап, озық үлгідегі спорт кешенін салып берді.

Енді Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының балалары аптасына жеті күн спортпен шұғылдана алады. Бір мезгілде 70 адам жаттығатын кешенде әзірге төрт үйірме жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында өңір спортында енді дами бастаған ММА ережесіз жекпе-жегі мен панкратион секциялары бар. Мұнда ауылдықтарды тәжірибелі мамандар жаттықтырады. Жаңа кешен құрылысы мен қажет құрал-жабдығын алуға 5 млн теңге жұмсаған кәсіпкер келешекте спорт сарайын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Ерболат Айтжанов, кәсіпкер:

Болашақта бұдан да үлкені болады деп айта аламын. Көпбалалы отбасыларға жеңілдік қарастырылған. Ерекшеленетін жері, жоқ спорт түрі осы жерде қалыптасады. Егер әр кәсіпкер өз ауылына іс жасайтын болса, Қазақстанның туы биік болады деп ойлаймын.

Константин Пустоветов, жаттықтырушы: 

– Біз жаттықтыратын балалар аймақтық жарыстардың іріктеу кезеңдеріне қызу дайындалып жатыр. Қазақтың кәсіпқой боксшысы Батыр Жүкембаев секілді танымал спорт саңлақтарын арнайы шақырып, маңғыстаулық жастармен тәжірибе бөлісуіне жағдай жасауды шештік. Басты мұратымыз – ауылдықтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде