USD 325.20 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Аграрлық сектордың сапасын арттыру «Қазақстанда жасалған» азық-түлік брендін қалыптастыруға мүмкіндік береді

  • 74
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Аграрлық сектордың сапасын арттыру «Қазақстанда жасалған» азық-түлік брендін қалыптастыруға мүмкіндік береді

Соңғы 5 жылда еліміздегі ауыл шаруашылығы саласына түрлі бағдарламалар арқылы миллиардтаған қаржы бөлінді.

Нәтижесінде саладағы өнімділік артты. Елбасы биылғы Жолдауында алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды. Сондықтан аграрлық сектордың саннан сапаға көшетін уақыты жетті. Бұл бүкіл әлемге «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғындармен кездесуі барысында осы мәселені кеңінен талқыға салды. Жолдауда жүктелген міндеттер мен жалпы аграрлық салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы да сөз қозғады.

Дүйсенғазы Мусин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

Жолдаудағы қойылып отырған еңбек өнімділігін көтеру, экспортты еселеу мәселелерін осы шаруашылық бүгінгі жасап отырған жұмыстарынан көруге болады. Елбасы міндет қойып отыр. Біздің ауыл шаруашылығы салысындағы университеттерге ғылыми-зерттеу институттарға өте терең түбегейлі жұмыс жүргізу керек.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top