USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Бурабайда туристік ақпараттық-анықтамалық call-орталығы ашылды

  • 307
Бурабайда туристік ақпараттық-анықтамалық call-орталығы ашылды Фото: iltalehti.fi

Ақмола облысының Бурабай ауданында туристік ақпараттық-анықтамалық call-орталығы ашылды.

Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Енді осы орталықтан кез келген адам Бурабай демалыс аймағындағы барлық қонақүйлер мен мейрамханалар, қолжетімді санаториялар мен курорттар, ондағы бағалар мен қызмет түрлері жайлы толық мәлімет ала алады. Мұндай ақпараттық орталықты ашу үшін туроператорлар, демалыс орындары мен туризм саласының мамандары өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған. Байланыс орталығы тәулік бойы және ақысыз негізде қызмет көрсетеді. БұлЩучье-Бурабай курорттық аймағындағы демалушылармен кері байланыс орнатуға және туристердің санын арттыруға сеп болатын алғашқы ақпараттық жоба. «Оның үстіне бұл бастама, туризм саласында бәсекелестіктің күшейіп, бағалардың төмендеуіне әкелуі мүмкін», дейді мамандар. 

Авторы: Дамир Шайдаров. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде