USD 327.79

EUR 398.12

РУБ 5.23

Ақмола облысында қар құрсауында қалып қойған 52 адам құтқарылды

Ақмола облысында қар құрсауында қалып қойған 52 адам құтқарылды

Өткен тəулікте Ақмола облысында қар құрсауында қалып қойған 52 адам құтқарылды.

Олардың біреуі – сәби. Барлығы да діттеген жерлеріне полицейлердің көмегімен аман-есен жеткізілді. Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 138 арнайы техникасы мен 200-ден астам қызметкері қатысқан. Жолда қалғандар əсіресе Астрахань, Атбасар, Шортанды, Целиноград, Ерейментау жəне Бурабай аудандарының аумағында көп кездесіпті. Барлығы да боранды елемей, хабарламаларға құлақ аспай жолға шыққан.

Айта кетейік, аймақта «112» телефон желісіне бір тәуліктің ішінде 3 мыңнан астам қоңырау түскен.

Азамат Қажкенов, облыстық ТЖД бірыңғай диспетчерлік-кезекшілік қызмет басқармасының басшысы: 

– Қазір аймақ бойынша қосымша кезекшіліктер жұмыс істеп жатыр. 200-ден астам жылыну бекеттері жолаушыларды қабылдауға әзір. Облыста жағдай қазір бірқалыпты. Барлық бағыттарға жол ашылды. Әзірге тек Астана-Ерейментау-Павлодар бағытындағы күре жолды қардан тазалау жұмыстары жүріп жатқандықтан, қозғалыс шектелген.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде