USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Сыр өңіріндегі бірнеше үй ыза судың ортасында қалды

  • 84
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Сыр өңіріндегі бірнеше үй ыза судың ортасында қалды

Қызылорда қаласының Арай мөлтек ауданындағы бірнеше үй ыза судың ортасында қалды.

Сырдария деңгейі ең жоғарғы белгіге жеткеннен кейін жерасты суы көтеріле бастаған. «Бұл табиғи құбылыс», дейді мамандар. Алайда «Сырдария» көшесінің тұрғындары мұндай уәжбен келіскісі келмейді. Олардың айтуынша, кезінде бөгеттің астында дария суын соруға арналған құбыр көміліп қалған. Соның көзі ашылып кетіп, төңіректегі тұрғындарды әбігерге салып жатқан көрінеді. Бұл – аумақ бұрынғы саяжайдың орны. Кейін тұрғындар көптеп қоныстанып, шағын ауданға айналды. Қалай дегенмен де 10 күннен бері үйлеріне кіріп-шығудан қалған тұрғындар құзырлы мекемелерден көмек сұрап отыр. Өйткені бірнеше көшені су басып қалған. Кейбірінің ауласына да жайылған.

Роза Байболанова, қала тұрғыны:

Топырақ салсаңдаршы бізге, жол істесеңдерші ана жерге. Істеуге болады ғой. Мысалы, анау көлді де жауып, тамдар салып жатыр ғой. Істеп берсін бізге жол.

Сағира Кашимова, қала тұрғыны:

– Бұрын су соратын жер болған дамбының арғы жағында, жолдың арғы жағында. Жол салып тастады ғой, жолдың арғы жағында оқпан болған. Істеп кеткен жерлерін дұрыс істемеген, қайтадан су шығып жатыр, астынан кетіп жатыр.

Жорабек Нұрымбетов, «Қазсушар» РМК өндірістік учаске басшысы: 

– Судың деңгейі көтерілген кезде ыза су көтерілу процесі жүреді. Ал оның көзі Сырдария өзенінің ортасында ма, 5 км жерде ме, 2 км жерде ме оны ешкім біле алмайды. Бірақ өзінің ізін тауып келіп, атқылап, бұлақ ұқсап шығуы мүмкін. Қазір әкімдіктен арнайы комиссия құралған, сол барып көріп, ол жерлерге топырақ түсіріп, үйіне кіріп-шығуына, болмаса соның үйіне кіріп кетпеуіне жағдай жасалып жатыр. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top