369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО жұмысын бастады

  • 381
  • UPD: 22:11, 12.01.2018

Астанада цифрлық және миграциялық халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады.

Нысанның ашылуына Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.

Әзірге цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы еліміз бойынша біреу ғана. Digital деп аталады. Нысан толықтай автоматтандырылған. Мұндағы басты ерекшелік оператордың болмауында. Олар сізге тек кеңес береді. Қажет анықтаманы өзіңіз шығарып аласыз. Ал мамандар келушілерге жаңа технологияның мүмкіндіктерін түсіндірумен айналысады. Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру ісі осылай жүйелі жүзеге аспақ. Қазір тегін оқу сыныбы да жұмыс істеп тұр.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– Бұл жерде басты мақсат – адамдар өздерін цифрлық қабілеттілігін көтеріп, құжаты өздері алу мүмкіншілігін ұйымдастыру. Былтыр ХҚКО-да 37 млн-ға жуық адамға қызмет көрсетсе, соның 24 млн-ы – электрондық құжаттар. Жыл сайын көбейіп келе жатыр. Біз осындай цифрлық ХҚКО-ларды әр қалада ашуды талап қойып отырмыз.

Жаңа орталыққа келіп жатқан көпшіліктің қарасы қалың. Бұрын барлық құжатқа қатысты операция ХҚКО мамандардың қызметтік кілті арқылы алынатын. Енді осы шаруаны азаматтар өздері атқарады. Мекенжай, сотталамағаны жайында және жылжымайтын мүлік сынды 30-ға жуық анықтаманы алуға мүмкіндік бар.

Амангелді Дүйсембеков, Цифрлық ХҚКО маманы:

– Уақытқа дейін оператор өзінің кілтімен алып келген болса, енді әр азамат өздігімен операторға барып, бірреттік құпиясөз алады. Не болмаса электрондық қолтаңбасы арқылы қалаған анықтамасын алуға болады. Мәселен, мекенжай анықтамасын алсақ, өзінің ЖСН-ін тереді. Баласына немесе жұбайына алуға болады. Ұялы телефонына құпиясөз келеді. 5 сандық құпиясөзді теріп, қалаған анықтамасын алуға болады.

Ал бизнес ашу, лицензия алу, сотқа арыз жазу ісінде цифрлық қолтаңба қажет. Болашақта мұның өзі проактивті сипат алмақ. Яғни қызметтің бірқатарын мемлекет атқарады. Жалпы электрондық үкіметтің порталы арқылы 700-ге жуық қызметке қол жеткізуге болады. Цифрландыру ел дамуының негізі екенін Елбасы жолдауда нақты атап көрсетті. Заман үдерісі үлкен-кіші деп талғамайды. Сондықтан дамушы елдерден қалмай, жаңа технологияны тездетіп, мейлінше меңгерген жөн. Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы мемлекеттік қызметтің жаңа нұсқасын енгізе отырып, осы талап үдесінен шығуды меңзейді.

Мұрат Жұманбай, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

– Осы жерге келу арқылы азаматтар қызметті алудың қаншалықты оңай екендігін, егер оның смарфоны, қалта телефоны болса, бұл келмей-ақ қоюға балатынына көзі жетеді. Болашақта бұл жерге келмей-ақ, үйінде отырып немесе басқа жерден бұл қызмет түрін ала алатын болады.

Елордадағы тағы бір жаңадан ашылған нысан – миграциялық Халыққа қызмет көрсету орталығы. Иманов көшесінде орналасқан. Енді Астанаға жұмыс іздеп келген еңбек мигранттары көші-қон рұқсатын алуға бұрынғыдай бірнеше күн кетіріп, әуреге түспейді. Орталықтың жұмыс істеу тәртібі де ыңғайлы.

Мигарциялық ХҚКО таңғы 9-дан кешкі 6 жарымға дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Бұл жерде медициналық тексеріс пен дактилологиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және сәйкестендіру нөмірін алуға болады. Бұған дейін шетелдіктер Астанада жұмыс істеуге рұқсат алу үшін 5 күн жүрсе, енді рұқсатты бір сағаттық ішінде рәсімдеу алады.

Өткен жылы еңбек көші-қон рұқсатын 450 мыңға жуық шетелдік азамат пайдаланған. Дені Өзбекстаннан. Солардың бірі құрылысшы Талибжан Құрманов. Жаңа миграциялық қызмет көрсету орталығының ашылатынын естіп бірден келген.

Еркетай Тұтқышев, Астана қаласы ІІД көші-қон басқармасының басшысы:

– Уақытша тіркеу үішн Астанада шетелдік азаматтар өте көп келеді ғой. Былтыр 160 мыңнан астам шетел азаматы тіркелді. Тіркелмегендері де бар. Жауапкершілікке 11 мың адам тартылды. Оның ішінде 1800-і сот шешімімен елімізден шығарылды.

«Көші-қон халыққа қызмет көрсету орталығы бірден бірнеше мәселені шешеді», – дейді осы саланың мамандары. Еңбек мигранты тез арада құжатын заңдастырады. Сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіліп, адам құқығы қорғалады.

Хабар 24 телеарнасы