369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жас Отан» жастар қанаты жыл үздіктерін марапаттады

  • 426
  • UPD: 09:43, 13.01.2018

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты өткен жылды қорытындылап, жыл үздіктерін марапаттады.

Үміткерлер 5 аталым бойынша алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Дәстүрлі шараға партиямен қатар Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің, түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Өткен жылы «жасотандық» еріктілер «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ойдағыдай өтуіне атсалысып, Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагерін ұйымдастырды. Биыл көктем айында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дәстүрлі құрылтай өткізу жоспарланып отыр. Онда жастар санасын рухани жаңғыртуға бағытталған маңызды құжаттарға қол қою көзделген.

Айта кетейік, еліміздегі «жасотандықтардың» саны бүгінде 165 мыңға жеткен.        

Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы: 

- Бұл іс шара жылдың басында жолдаумен байланысты. Қазір осы 4-индустрия Президенттің жолдауы шықты және осыған байланысты біз қазір жастармен сөйлесіп, осы жолдауды талқылап, біздің қандай ең басты приоритеттеріміз бар деген сияқты сондай өзімізге мақсат қойып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы