USD 327.79

EUR 398.12

РУБ 5.23

Елордада қарақшылар қолға түсті

Елордада қарақшылар қолға түсті

Астанада түн ішінде ұрып-соғып адам тонаған екі қарақшы ұсталды.

Оқиға көпқабатты үйлердің бірінде подъезд ішінде болған. Екі жігіт пышаққа ұқсайтын затпен қорқытып, жәбірленушінің ақшасы мен ұялы телефонын тартып алған. Бірақ астаналық полицейлер қылмысты бірнеше минуттың ішінде ашты. Бүгін түнде «102» телефон желісіне осы хабар түсісімен жедел басқару орталығының қызметкері көшедегі камерадан қарап отырып, оқиға орнына полиция жасағын жіберген. 21 жастағы күдіктілерді қолға түсірген сақшылар екеуін де «Сарыарқа» аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. Заттай айғақтар түгел тәркіленді. Жамбыл және Ақмола облысының тұрғындары қазір уақытша қамау изоляторында отыр. Мамандар сотқа дейінгі тергеу кезінде олардың қала аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді, деп хабарлайды Астана қалалық Ішкі істер департаменті.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде