USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Алматыда «Мен жеңімпаз» қайырымдылық жобасы таныстырылды

  • 78
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Алматыда «Мен жеңімпаз» қайырымдылық жобасы таныстырылды

Алматыда «Мен жеңімпаз» қайырымдылық жобасы таныстырылды.

Мақсаты – қатерлі дертке шалдыққан балаларды қолдау. Ұйымдастырушылар науқастарға және олардың ата-анасына үміт сыйлау үшін екі бірдей әлеуметтік бейнебаян түсірген. Онда ауруды жеңіп шыққан бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары жайында айтылады. Басты кейіпкері – 6 жасар Ақерке Асылбек. 2015 жылы аяғынан мүлде жүре алмай қалған қаршадай қызға дәрігерлер лимфобластты лейкоз деген диагноз қояды. 9 ай бойы анасымен бірге ауруханада емделген Ақерке қазір дертінен құлан таза айығып, жақындарын қуанышқа бөлеп отыр.

Жалпы мәліметке сүйенсек, елімізде жылына 600-дей бала қатерлі ісік дертіне шалдығады екен. «Олардың ең көбі лейкемия», – дейді мамандар. Дәрігерлер ерте кезеңде анықталған дертті толықтай емдеп шығуға мүмкіндік бар екенін айтады. Жобаны Алматы қаласының барлық құзырлы мекемелері де қолдап отыр.

Ләззат Манжуова, медицина ғылымдарының кандидаты:

– Ақерке бізде бірінші рет келген кезде, әрине, ауыр күйде келіп түскен. Балада лейкемияның салдарынан қолының ісінуі байқалған. Соған қарамастан, бала емделіп шықты. Әрине, әртүрлі жағдайлар болды. Бәрінен өтті бала. Бәрін жеңіп шықты деп ойлаймын.

Нұргүл Дәулетбайқызы, Ақеркенің анасы: 

– Біз ауруханада жатқан кезде өстіп жазылып кеткен бір қыз келді. Соның сөзін мен тыңдап, сеніп, ол да сеніп жазылған. Сондықтан мен де сендім, біз де солай келіп отырмыз басқа балалар жазылсын, сенсін деп. Ол кезде әртүрлі ойлар келеді, сондықтан көрсін Ақерке қалай өсіп жатыр, бәрін жеңіп шығуға болады, емі бар екеніне сенсін деп келіп отырмыз. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top