USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Көкшетаудың «ақылды бұрылыстарында» бейнекамералар көбейеді

Көкшетаудың «ақылды бұрылыстарында» бейнекамералар көбейеді

Көкшетау қаласындағы «ақылды бұрылыстардағы» бейнебақылау камералары былтыр 3 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтаған.

Салынған айыппұлдардың көлемі 45 млн теңгеден асады. Әзірге мұндай қондырғылар шаһардың 6 жеріне ғана орнатылған. «Ал қоғам тыныштығын барынша қадағалап, көшедегі көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әлі 20 шақты бұрылысқа осындай интеллектуалды бейнебақылау камералары қажет», – дейді мамандар. Себебі бұл – заман талабы. Оның үстіне жолдауда Елбасы жүктеп отырған 10 міндеттің бірі де осы ақылды технологияларды енгізу. Аталған жүйе жолдағы заңбұзушылықтарды өзі анықтап, сараптама орталығына жөнелтіп отырады.

Гүлнар Пинчук, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: 

– Қазір Ақмола облыстық ІІД аталған «ақылды бұрылыстардың» санын көбейтуді жоспарлап отыр. Мұндай қондырғылар әсіресе халық көп жүретін және көлік кептелісі жиі кездесетін бұрылыстарға орнатылады. Олардан бөлек қалада 130 бейнебақылау камерасы бар.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде