USD 326.17

EUR 402.05

РУБ 5.34

Курчатовта ауадағы инертті газды бақылайтын мобильді құрылғы орнатылады

Курчатовта ауадағы инертті газды бақылайтын мобильді құрылғы орнатылады

Еліміздің шығысындағы Курчатов қаласында ауадағы инертті газды бақылайтын арнайы мобильді құрылғы орнатылады.

Бұл туралы Ұлттық ядролық орталық өкілдері мәлімдеді. Канадада жасалған қондырғы тек Курчатовтың ғана емес, бүтін бір аймақтың ауасына мониторинг жасайтын болады.

Эрлан Батырбеков, ҚР ҰЯО бас директоры: 

– Бұл Курчатов қаласында жұмыс істейтін мобильді құрылғы болады. Бірақ таралу аумағы өте кең. Осылайша ядролық қаруға сынақ жүргізген кезде түрлі атом станцияларындағы апаттарды әрі ядролық нысандарды бақылауға мүмкіндік аламыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде