USD 326.17

EUR 402.05

РУБ 5.34

Индустрияландыру үдерісі инновациялық басымдыққа ие болуы тиіс

Индустрияландыру үдерісі инновациялық басымдыққа ие болуы тиіс

Индустрияландыру үдерісі инновациялық басымдыққа ие болуы тиіс.

ондай-ақ ресурстық әлеуетті арттырып, «жасыл энергетиканы» өркендетуге де ерекше мән берілуі тиіс.

Талдықорған кабель өндіру зауыты Елбасы Жолдауында айтылған баламалы қуат көзін өндіру ісіне өз үлестерін қосуға дайын. «Біздің ең басты міндетіміз – экспортқа негізделген өндіріс ошағын құру», – дейді зауыт басшылары.

Талдықорған кабель өндіру зауыты 17 жылдан бері ішкі нарықты дайын өніммен қамтамасыз етіп келеді. Мұнда 24 мың маркалы өнім өндіріледі. Дегенмен қазір ресейлік кәсіпорындармен арадағы бәсекелестікке төтеп беру қиын. Сондықтан бұл салада майдан қыл суырғандай ептілікті қажет ететін арнайы инновациялық саясат ұстану қажеттілігі туындап отыр. Зауыт өткен жылы резеңкемен оқшауланған кабель шығару ісін қолға алды.

Зелимхан Газалиев, Талдықорған кабель өндіру зауытының коммерциялық директоры:

– Біз «Қазцинк» корпорациясымен, RG компаниялар тобымен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Қазір «Қазақмыспен» келіссөз жүргізіп жатырмыз. Өйткені аталған өндіріс алпауыттарының біз шығаратын өнім түрлеріне деген сұранысы өте жоғары. Алдағы уақытта өндіріс көлемі арта түседі деген сенімдемін. Ішкі нарықты толығымен қамтып, алыс және жақын шет елдерге де өнім экспорттайтын боламыз.

7 жыл бұрын мұнда алюминийден жасалалатын созба сым өндіру желісі іске қосылды. Оған қажетті шикізат ұзақ жылдар бойы шетелдерден тасылып келсе, қазір өз еліміздегі электролиз зауытынан жеткізіледі. Біз оны осында қайтадан балқытып, сым темірге айналдырамыз. Мұндай қадамға баруымыз ішкі қажеттілігімізді өтеумен қатар отандық және шетелдік кәсіпорындарға да өте тиімді болып тұр. Себебі өнімнің өзіндік құны біршама төмендейді. Соның арқасында қазақстандық үлес көлемі 100 пайызға жетті. «Алдағы уақытта «жасыл энергетиканы» өрістетуге атсалысамыз», дейді зауыт басшылары.

Роман Ахтырский, Талдықорған кабель өндіру зауытының филиал директоры міндетін атқарушы:

– Дәл қазіргі уақытта ішкі нарықты жоғары кернеулі кабельмен қамтамасыз етуге толық мүмкіншілігіміз бар. ЭКСПО нысандарының құрылысы кезінде біздің өнімдеріміз кеңінен пайдаланылды. Алматы облысында кіші энергетиканы дамыту ісі жақсы жолға қойылғанын білесіздер. Алдағы уақытта осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарамыз деген ойдамын.

Данияр Битембаев, Талдықорған кабель өндіру зауытының жұмысшысы:

– Жұмысымыз жақсы. Жалақысын уақытында береді. Сапасы жақсы кабель жасауға тырысамыз.

Зауыт кіші гидроэлектростанциялардың құрылысымен қатар желден және күн көзінен қуат алу жобаларын жүзеге асыруға да атсалысатын болады.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 әлеуметтік желілерде