USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Ташкентте Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Ташкентте Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Елбасы жолдауымен алғашқылардың бірі болып Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік Өзбек тілі мен әдебиеті университетінің студентері мен оқытушылары танысты.

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі шәкірттерге басты құжаттағы негізгі он басымдықты жан-жақты түсіндіріп, екжей-текжейлі баяндап берді.

Ашық әңгіме түрінде өрбіген басқосуда жастар Орталық Азия барысы атанған Қазақстанның жарқын болашағы үшін жасалған жаңа бағдарламамен танысып шықты. Студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап алды. Кездесуде Қарақалпақстаннан келіп, оқып жатқан шәкірттердің бірі тіпті қазақ тілінде құттықтау сөз сөйледі. Өзбекстандық жастар Елбасы жолдауында айтылған үздік оқытушылардың интернет арқылы өткізетін сабақтары мен лекцияларына қызу қолдау білдіріп отыр. «Өйткені бұл екі ел арасындағы ықылым заманнан келе жатқан байланысты жақсартып қана қоймай, білімнің дами түсуіне септігін тигізеді», – дейді студенттер. Болашақта қазақ-өзбек жастарының өзара байланысын арттыру мақсатында арнайы экспедиция ұйымдастырылатын болды. Бұл шара түркі жұртының рухани астанасы Түркістаннан басталып Шығыс шайырлары жатқан Өзбекстан өңірінде жалғасын табады.

Шахноза Базарбаева, Ә.Науаи атындағы Ташкент Мемлекеттік Өзбек тілі және әдебиеті университетінің студенті:

– 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасы толыққанды латын әліпбиіне көшуі тиіс. Яғни сол жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиінің нақты кестесі жасалады. Маған Жолдауда көтерілген осы мәселе қатты ұнады. Өйткені қазір – технология мен техниканың  дәуірі. Дүниеде ағылшын тілі жетекші рөлге ие болып отыр. Латын жазуын үйрену арқылы дүние көшіне ілесіп, жарқын болашаққа жол ашылады.

Ерік Өтембаев, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

– Жастар Елбасы Жолдауындағы негізгі басымдықтарға мейлінше қызығушылық танытты. Онда айтылған үлкен міндеттердің орындалуы мен ірі жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға ықыласты болып отыр. Өйткені Өзбекстаннның латын әліпбиі бойынша жинақтаған тәжірибесі мол. Олар бұл бағытта халықаралық сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. Елбасының идеясы мен алға қойған міндеттері ұлттық сипатта ғана емес аймақтық мәнеге ие. Бүкіл Орталық Азия елдеріне үлкен сұранысқа ие ойлар.

 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде