USD 325.75

EUR 382.61

РУБ 5.31

Алдағы үш күнде еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы төмендейді

  • 467
Алдағы үш күнде еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы төмендейді s-media-cache-ak0.pinimg.com

Сондықтан бүгін  тұрғындарға дауылды ескерту жіберілген.

Мәселен, қаңтардың 22-сі мен 26-сы аралығында Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болады. Түнде сынап бағанасы -35-тен -40-қа дейін жетуі мүмкін. Кей өңірлерде қаңтардың 24-інен бастап екі күн бойы қатты аяз тұруы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 32 градус нөлден төмен, кей өңірлерде -35 болуы ықтимал.

Ал оңтүстікте жексенбі күндері қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Қазақстанның батыс аймақтарында қара теңізден жылы ауа соғады.

Лаура Сайлыбаева, қысқа мерзімге берілген ауа райы болжамы басқармасының инженер-синоптигі:

- Кар теңізінде пайда болған суық антициклон еліміздің алдағы үш тәулікте Солтүстік, Орталық және Шығыс облыстарының күн райына әсер етеді. Сондықтан ауа температурасы бұл аймақтарда климаттық нормадан 12 градусқа дейін төмен болып күтілуде.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде