USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Елімізде аналар туу туралы куәлікті смс-хабарлама арқылы рәсімдеуді бастады

Елімізде аналар туу туралы куәлікті смс-хабарлама арқылы рәсімдеуді бастады

Енді бала дүниеге келгенде туу туралы куәлікті рәсімдеу үшін Халыққа кызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Жаңа босанған әйелдер перзентханадан шықпай тұрып, смс-хабарлама арқылы нәрестесін балабақша кезегіне қойып, жәрдемақы алуға өтініш бере алады. Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында қолға алынған пилоттық жоба осы мүмкіндіктерге жол ашты.

Шолпан Жанбатырова екі күн бұрын ғана төртінші перзентін дүниеге әкеліпті. Электронды үкімет порталынан смс-хабарлама алған ол, қажетті мәліметтерді ұсынған. Аз уақытта сәбиінің құжатын рәсімдеп, балабақша кезегі мен жәрдемақы алуға болатынын білді. 

Шолпан Жанбатырова, жаңа босанған ана:

- Телефонмен смс-хабарлама келді. Сол арқылы қызымның туу туралы куәлігін алып балабақшаға кезекке тұрдым. Мемлекеттік жәрдемақыны да осы арқылы алуға болады. Бәріне рахмет. Өте ыңғайлы қызмет.

Пилоттық жоба жыл басынан бері іске қосылды. Содан бері 1208 анаға смс-хабарлама жолданып, сәбидің дүниеге келуін электронды әдіспен рәсімдеу ұсынылған. Жоба бойынша барлық мәліметтер түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Ал өзге деректер смс-хат арқылы ата-анасынан алынады.

Асылжан Мұхамеджан, Әуезов аудандық ХҚКО жетекші маманы:

- Тек ғана смс-хабарлама арқылы баланың аты жөні беріледі. Қай тілде  жазылатыны айтылады, ол жерде орыс тілінде немесе қазақ тілінде баланың аты жөні. Ары қарай балабақшаның нөмерін біліп, соны тіркеу арқылы, барлығы көп құжат керегі жоқ. Жиырма сандық есепшотты банктен алып, соны СМС жіберу арқылы жәрдемақыны тағайындайды анаға. Өтініш осы айда берсе, жәрдемақы келесі айдан бастап жаңағы есепшотқа түсе байстайды.

Алдағы уақытта зейнетақыға қатысты қызметтер де электронды әдіспен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, жаңа қызмет түрлерін алу үшін азаматтар ХҚКО-ға барып, өздерінің телефон нөмірлерін порталдағы жеке кабинеттерінде бекітуі тиіс. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев

Хабар 24 әлеуметтік желілерде