Оқушылар арасында «Болашағыңның қауіпсіздігі өз қолыңда» атты эссе жазудан конкурс жарияланды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Оқушылар арасында «Болашағыңның қауіпсіздігі өз қолыңда» атты эссе жазудан конкурс жарияланды

  • 218
Оқушылар арасында «Болашағыңның қауіпсіздігі өз қолыңда» атты эссе жазудан конкурс жарияланды Курсовые работы

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында қала мектептерінің оқушыларына арналған «Мен қауіпсіз болашақты қалаймын» атты тренинг өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

Шараны қала прокуратурасы мен елорда әкімдігі бірлесіп өткізуде. Аталмыш тренингте жасөспірімдерге қазіргі қоғамда орын алып жатқан жағымсыз әрекеттерге, мысалы түрлі әлеуметтік желілер арқылы келетін жағымсыз үндеулерге, діни адасушылық, терроризмге қарсы тұру, әсіресе желі арқылы қауіпті элеметтермен танысуға, сол арқылы арбау тәсілдерін қолдануына қарсы тұру амал-тәсілдері айтылды. 

Шара барысында прокуратура қызметкерлері жасөспірімдермен ой алмасып, түрлі сұрақтар қойып, жастардың ойын білді. Бастысы оқушылардың ғасыр дерті терроризмге қарсылықтары және абайсызда сондай топтардың арбауына түспеуі жөнінде психолог маман фильм арқылы оқушыларға айтып берді.

Шара аясында оқушылар арасында «Болашағыңның қауіпсіздігі өз қолыңда» атты тақырыпта эссе жазудан конкурс жарияланды. Эссені өзіңіз қалаған қазақ, орыс, ағылшын тілінің бірінде жазсаңыз болады. Конкурс материалдары 2018 жылдың 19 наурызына дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаға жіберілуі тиіс. Конкурс қорытындысы 21 наурыз күні жарияланады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде