USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Жыл сайын әлемдегі жасөспірімдердің 10 пайызы өздерін зақымдайды

Жыл сайын әлемдегі жасөспірімдердің 10 пайызы өздерін зақымдайды

Алматыда жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесіне арналған халықаралық конференция басталды.

Жиынға Орталық Азия елдері мен Беларусь, Украинадан келген психикалық денсаулық мәселесімен айналысатын мамандар қатысты. Статистикаға жүгінсек, жыл сайын әлемдегі жасөспірімдердің 10 пайызы өздерін зақымдайды. Соның 67 мыңға жуығы қайтыс болады. Суицидтің себептері әртүрлі. Ол жақын туысынан айырылудан соң, мектептегі мазаққа шыдамай, терең күйзеліске түсу. Немесе баланың денсаулығында психикалық ауытқу да болуы мүмкін.

Айта кетерлігі, мұндай белгілер әрқашан анық байқалма бермейді. Сондықтан ата-аналар баласының ішкі жан күйзелісін сезбеуі де мүмкін. Мұндайда не істеу керек? Мамандар көбірек әңгімелесіп, жасөспірімді бақылау керектігін айтады. Өйткені олардың мінез-құлқы көп нәрседен хабар береді.

Күйзеліске түскен бала не тым ашушаң не тым салқынқанды келеді. Көп жағдайда жасөспірімдер құрдастарына ғана өз мұңын шағады. Ал 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында Қызылорда облысында пилоттық жоба енгізілген болатын.  

Сымбат Абдырахманова, Қызылорда облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы:

– Енді бұл бағдарламаны жүргізгеннен кейін қарайтын болсақ нәтижесін. Көптеген балалар арасында психикалық өзгерістері бар балалар анықталып жатыр. Сонымен қатар ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың, бала мен психолог арасында сенімді қарым-қатынастың орнауына септігін тигізіп жатыр. Жалпы облысымызда суицидке әрекет 50 пайызға азайып отырса, аяқталған суицид 23 пайызға азайып отыр. Біздің облысымыздың тәжірибесі жақсы нәтиже бергендіктен қазіргі таңда басқа облыстарға осы жоба енгізіліп жатыр.

 

 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде