USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Жылыойда жылыжай ашылды

Жылыойда жылыжай ашылды

Атырау облысының Жылыой ауданында аумағы 2 гектар болатын жылыжай ашылды.

Жаңа технологиямен жабдықталған нысанның өндірістік ауқымы да қуатты. Жылыжай жылына 1100 тонна көкөніс жинауға мүмкіндік береді. Өңірдегі жалғыз шағын қала – Құлсары шаһарындағы жаңа нысанда 30 адамға тұрақты жұмыс орны ашылды. Жергілікті мамандар көкөніс өсірудің әдіс-тәсілдерін Голландияның тәжірибелі агро-номдары мен технологтарынан арнайы оқып үйренді. Толықтай заманауи құрылғылармен жабдықталған жылыжайда тамшылатып суару әдісі қолданылады. Жобаны шетелдік және жергілікті кәсіпкерлер қаржыландырған. Айта кеткен жөн, Махамбет ауданында да 10 гектарлық өнеркәсіптік жылыжайдың құрылысы басталады. Бұл жобалар аймақтың агроөнеркәсіп кешендерін дамыту және жергілікті өнімдердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан бастамалардың бірі.

Юрий Куликов, агроном:

Қазір бастапқы кезеңде қияр өсіріп жатырмыз. Екі айдан соң шамамен әр шаршы метрден 35-40 килограм өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз. Көкөністер ең адымен өз ауданымызға, артылғаны барлық облыс аумағына жіберіледі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде