USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Яо Пэйшэн: Қазақстан жаңа технологияларды дамытуы керек

Яо Пэйшэн: Қазақстан жаңа технологияларды дамытуы керек

Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дер кезінде қабылдаған көреген шешімдеріне байланысты.

Қытай сарапшылары Президенттің биылғы Жолдауына қатысты осындай пікір айтты. Халықаралық дипломатияның ардагері, Қазақстан, Украина, Латвиядағы Қытайдың бұрынғы елшісі Яо Пэйшэн құжатты жан-жақты зерделеп, әріптестерімен бірге талқылаған. Оның айтуынша Қазақстан әлемнің дамыған озық елдерінің қатарынан көрінуі үшін жаңа теxнологияларды дамытуы тиіс.

Яо Пэйшэн, Қазақстандағы Қытайдың бұрынғы елшісі:

– Мен өткен жылғы Жолдауды өзіммен алып жүріп, ондағы көрегендікпен жасалған баяндаманы профессорлармен кездескенде, бірге талқылаймын. Қазақстан экономикасы неліктен қарқынды дамып келеді? Өйткені Президент оның үрдістерін жақсы біледі. Дер кезінде шешімдер қабылдап, экономиканың бағытын өзгертіп отырады. Бүгінгі ақпараттық әлемде өзгелердің алдында жүру үшін инновацияның орны ерекше. Партияның 19-съезінде төраға Си Цзиньпин де инновация туралы баса айтты. Бұл екі ел басшыларының осы салаға баса мән бергенінің дәлелі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде