USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Еліміздің бірқатар өңірінде аяздың беті әзірге қайтпайды

  • 592
<span class=favorites>Еліміздің бірқатар өңірінде аяздың беті әзірге қайтпайды</span> Fonday.ru

Қыс қаһарына мінді.

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірінде әзірге аяздың беті қайтпайтын түрі бар. Күн алдағы уақытта да -40-45 градусқа дейін суытады. Ал қаңтардың 26-29 аралығында Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында сынап бағанасы 15-тен 25-ке, кей жерлерде тіпті 35 градусқа дейін төмендейді. Ал ертең елордада күндізгі ауа темпуратурасы -30-32 болса, түнде -40 градусқа дейін аяз.

Айдана Абықан, «Қазгидромет» РМК инженер синоптигі:

- 24 қаңтар күні Астанада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі ауа температурасы -34, -36, күндіз -24, -26 градус суық болады. 25 қаңтар күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі ауа температурасы -37, -39, күндіз -26, -28 градус аяз болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде