USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

2018 жылдан бастап Польша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жұмысқа кірісті

2018 жылдан бастап Польша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жұмысқа кірісті

2018 жылдың қаңтарында Польша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жұмысқа кірісті.

Бұл ел үшін осы басты органның алғашқы төрағасы біздің ел болды. Польшаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Джоанна Вранеска бұл ретте маңызды міндеттің жақсы бастамасы деп санайды.

Джоанна Вронеска, Польшаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:  

– Польша мен Қазақстан бұрыннан достық қарым-қатынаста. БҰҰ ҚК тұрақты емес мүше ретінде біз қашанда  Қазақстанға қолдау білдіреміз.  Қазақстан қаңтар айына мәні мен мағынасы зор бағдарлама дайындаған. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша брифингтер ұйымдастырылғанына ризамыз. Оның арасында Ауғанстандағы жағдайға арналған мәжілісті атап өткен жөн. Аталған аймаққа Қазақстанның назар аударуы өте орынды. Осы пікірталасқа Польша белсене қатысты. Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелеріне басшылық жасау оңай емес, сондықтан атқарған кәсіби жұмыстары үшін қазақстандық дипломаттарды  құттықтағым келеді. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде