USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

Елімізде шағын әуежайлар саны артады

  • 102
  • Media
Елімізде шағын әуежайлар саны артады

Елімізде шағын авиацияны дамыту мақсатында кішігірім 16 әуежай салынады.

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы 2-3 жылда қолға алынбақ. Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Сондай-ақ биыл көрші Ресейдің және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің кейбір ірі қалаларында 10 жаңа әуе бағыты ашылады. Мәселен, Ақтаудағы Халықаралық әуежайдан Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласына тікелей қатынайтын тұрақты әуе байланысы орнамақ.

 Ал Алматы облысының «Жетісу» әуе компаниясының базасында жергілікті шағын авиацияны дамытуға бағытталған пилоттық жоба жүзеге асырылады. Артынша, кіші әуе компанияларына субсидиялар бөлініп, болашақта 20 ұшақ сатып алу жоспарда бар.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

– Өткен жылдың өзінде Үржар, Үшарал сондай кіші аэропорттар ашыла бастады. Ол жұмысты біз ары қарай атқаратын боламыз. Енді ол авиацияны қолдау үшін біз субсидия арнайы субсидия беріп отырмыз. Былтыр Астанадан Алматыға, Үржарға субсидия берілді. Енді Үшаралға Астана мен Алматыдан берейін деп жатырмыз осы жолы, Балқашқа.

Отандық әуе компаниялары орындайтын ұшулардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселесі де басты назарда тұр. Осы мақсатта арнайы халықаралық рейтингтегі сатылық пайызды 73-тен 80-ге көтеру көзделіп отыр. Министр елімізде керосин тапшы екенін де жасырған жоқ. Оның айтуынша, бүгінде ұшаққа қажетті 300 мың тоннадай жанармай жетіспейді. «Бұл мәселе бірінші кезекте Халықаралық және ішкі әуе рейстер санының 20-30 пайызға артуына да тікелей байланысты. Бірақ бұл түйткіл жыл соңына дейін шешіледі», деп сендірді Жеңіс Қасымбек

 

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде