Павлодарлық құтқарушылар 58 жолаушыға көмек көрсетті - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Павлодарлық құтқарушылар 58 жолаушыға көмек көрсетті

  • 263
Павлодарлық құтқарушылар 58 жолаушыға көмек көрсетті

Оңтүстік Қазақстан облысынан Ресейдің Новосібір қаласына шыққан  автобус қалаға жете бере бұзылып қалған.

Зардап шеккендер жоқ. Қақаған қыста ұзақ жолға шыққан Өзбекстанның еңбек мигранттары екен. Олар №1 қалалық автобус паркінің ішіндегі жылыту пунктіне орналастырылды. 90-шы жылы шығарылған көліктің компрессоры сыр берген екен. Автобус паркінің дәнекерлеушілері жөндеу жүргізіп жатыр. Жолаушыларға жатын орны мен ыстық ас беріліп жатыр.

Ризабек  Әшірбеков,  Павлодар қаласы әкімдігі аппаратының бөлім басшысы:

- Ауа райының жағдайына байланысты өзбек бауырларымыз осындай оқиғаға тап болды. Қаланың ішінде осындай оқиғаға  түскені жақсы болды. Өйткені қаладан шықса, жол басында осындай жағдай болса, құтқару қызметі кішкене кешірек келуші еді.

Мұхамедәли Мұсойжонов, жолаушы:

- Біздің автобусымыз бұзылып қалды. Күн суықта жолда қалдырмай, қамқорлыққа алып жатқан баршаңызға алғысымыз шексіз. Осы жерде түнеп шықтық.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде