USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

Астаналық электронды еңбек биржасы 5 мыңға жуық жұмыс орнын ұсынады

  • 239
Астаналық электронды еңбек биржасы 5 мыңға жуық жұмыс орнын ұсынады

Астаналық халықты Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеу барысында жұмыс іздеушінің келісімі бойынша «Электронды еңбек биржасы» порталына тіркейді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс іздеушінің «Электронды еңбек биржасы» порталынан тіркеуден өту мүмкіндігі бар және өздігінше Астана қаласы бойынша ғана емес, Қазақстан бойынша бос орындарды қарап шыға алады. 

Сондай-ақ жұмыс беруші де порталға тіркеліп, бос орын бар екендігі туралы хабарлай алады. www.enbek.kz порталы «Электронды еңбек биржасы» – бұл жұмысқа орналасуда жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер бірігетін цифрлы алаң. Бүгінге дейін порталға 4602 бос жұмыс орны шықты және 2735 түйіндеме жарияланды.

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік 25 көшесінде, «Өркен» іскер орталығында орналасқан.

Кәсіби оқыту мәселесі бойынша: +7 (7172) 95-44-16, 57-89-78. Жастар тәжірибесі мәселесі бойынша: +7 (7172) 72-93-56. Әлеуметтік жұмыс орындары мәселесі бойынша: +7 (7172) 57-86-47, Қоғамдық жұмыс мәселесі бойынша:+7 (7172) 57-89-35, Тіркеу және жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша: +7 (7172) 57-85-41, 57-89-11, 57-86-95, 92-44-20, 26-65-19, 72-93-50, Жұмысшыға сұраныс мәселесі бойынша: +7 (7172) 57-86-88, 57-88-85, 95-42-24, 72-93-63, Әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша: + (7172) 72-93-57, 72-93-41 телефондарымен байланысуға болады.

 

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде