«Хабар» Агенттігі қазақ телевизиясының 60 жылдығына байқау жариялады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

«Хабар» Агенттігі қазақ телевизиясының 60 жылдығына байқау жариялады

«Хабар» Агенттігі қазақ телевизиясының 60 жылдығына байқау жариялады

Биыл қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойы. Осыған орай «Хабар» Агенттігі «Менің өмірімдегі теледидардың ролі қандай?» деген тақырыпта студенттер арасында байқау жариялады.

Қатысушылар 4 наурызға дейін қазақ телевизиясының дамуы оның қоғамдық санаға әсері туралы жазған очеркін фейсбук немесе инстаграм желісіне #khabar-essay хэштегімен жариялауы тиіс. Байқауға гуманитарлық сала бойынша білім алып жүрген студенттер ғана емес, өзге мамандықта оқып жүрген жастар да қатыса алады. Бірінші кезекте қатысушының ой-өрісінің тереңдігі жазу шеберлігі және қазақ телевизиясына деген көзқарасы назарға алынады. 

Өркен Кенжебек, «Хабар» Агенттігі интернет жобалар дирекциясының шеф-редакторы:

- Қазақша, орысша алты орын белгіленген. Әдемі, шұрайлы тілмен тақырыбын толық ашып, дүние жазса жақсы-жақсы бағалы сыйлықтар беруге әзірміз. Мұның бәрі қазақ телевизиясының 60 жылдығына орайластырылып отыр. Кеше бастап кеттік. Екі шара. Үш апта жүреді, наурыздың басында жүлдегерді анықтаймыз. Екіншісі келесі аптаның арғы аптасы. ЕНУ-да және ҚазГУ-де «Хабар дэй» деген тақырыппен лекциялар топтамасын береміз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде