Ақмола облысының ауылындағы мектепте «Рухани жаңғыру» музей-кабинеті ашылды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Ақмола облысының ауылындағы мектепте «Рухани жаңғыру» музей-кабинеті ашылды

Ақмола облысының ауылындағы мектепте «Рухани жаңғыру» музей-кабинеті ашылды

Ақмола облысының Шортанды ауданындағы Мықтыкөл ауылдық негізгі мектебі аймақтағы білім ошақтары арасынан алғашқылардың бірі болып, «Рухани жаңғыру» музей-кабинетін ашты. Оны жабдықтауға бүкіл ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы мен оқушылар да атсалысқан.

Бұл жерден қазақ халқының ежелде қолданған тұрмыстық бұйымдары мен көне киім үлгілерін көруге болады. Небәрі 50 бала ғана оқитын мектептің мұндай бастаманы қолға алуы үлкен ерлік дейді аудандық білім бөлімі қызметкерлері. Ал ең қызығы, мектеп ұжымы шағын ғана кабинетке 8 қанатты киіз үйді сыйғызған.

Досан Бекей, Мықтыкөл ауылдық негізгі мектебінің директоры:

- Мына киіз үйді осы мектептің орналастыру үшін қаншама ата-аналарымыз, қаншама мұғалімдеріміз еңбегін төкті. Яғни мына 80 басты, 8 қанатты киіз үйді оңай емес мектептің ішіне кіргізу. Немерелерінен көтертіп жіберген заттар да бар. Әрбір ата-ананың алыстан арбалап әкелген дүниелері бар. Бұл осылай қалып қоймайды. Осының ішіндегі әрбір заттың құндылығын тарих пәнінің мұғалімі өз сабағына қосымша пән ретінде сабақ береді.

Заңғар Серікбай, оқушы:

- Мен бұл жерден бұрында көрмеген көп заттарды білдік. Және де ескі үтіктің осындай болатынын білдік. Басқа да заттармен таныстық. Бізде осындай көрмелер болмаса, біз бұрынғы ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін, олардың тұрмыс-салтын ұмытып кетеміз. Егер біз оны ұмытып кететін болсақ, қазақтықты да ұмытып кетеміз деген сөз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде