USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 128
Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды Фото: vikna.if.ua

14-15 ақпанда Жамбыл облысында оңтүстік-шығыс бағыттан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с-тен асады деп күтіледі.

14 ақпанда қар, таулы және тау бөктері аудандарында қатты қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.Тараз қаласында 14 ақпанда оңтүстік-шығыс бағыттан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с-тен асады деп күтіледі.

14-15 ақпанда Ақмола облысында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Астана қаласында 14-15 ақпанда кей уақыттарда қар жауады, бұрқасын күтіледі.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде