Құқық қорғау әскерінің құрылғанына 26 жыл толуына орай жекпе-жектен сайыс ұйымдастырылды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Құқық қорғау әскерінің құрылғанына 26 жыл толуына орай жекпе-жектен сайыс ұйымдастырылды

  • 237
Құқық қорғау әскерінің құрылғанына 26 жыл толуына орай жекпе-жектен сайыс ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Құқық қорғау әскерінің құрылғанына биыл 26 жыл толып отыр.

Осыған орай Шымкентте жекпе-жектен әскерилер арасында жарыс басталды. Ел біріншілігіне Республикалық Ұлттық ұланның сарбаздары, әскери институттар мен бөлімдердің жауынгерлерінен құралған 6 команда қатысуда. Әскери қолданбалы спорт түрін насихаттағандар сайыста өзара мықтыны анықтауда. Жарыс үш күнге жалғасатын болады. Финалдық кездесулер апта аяғында өтеді. Осы бәсекеде топ жарғандар наурыз айында Қызылорда қаласында өтетін чемпионатқа жолдама алады.

Әнуар Қайыбаев, жарысқа қатысушы (БҚО):

Тыңғылықты дайындалып келдік. Бұл жарыс іріктеу болып саналады. Бүкіл Қазақстаннан іріктеліп келіп отыр. Мақсат жеңімпаз болу. Бапкер ағайымды 1-орын алып қуантсам деймін.

Сәтжан Әбішов, жарыстың бас хатшысы:

– Осы жарыстан кейін 1-2 нөмірлі сарбаздарымыз оқу-жаттығу жасап, Қызылорда қаласында өтетін 10 күндік Қазақстан кубогына қатысады. Ол кубок Қазақстанды ұтқан сарбаздар 1-нөмірлілер Минск қаласында мамыр айының 22-24 аралығында Еуропа кубогына қатысады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде