Сүт фермасын ашқан солтүстікқазақстандық шаруа Голландиядан 99 бас ірі қара әкелді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Сүт фермасын ашқан солтүстікқазақстандық шаруа Голландиядан 99 бас ірі қара әкелді

Сүт фермасын ашқан солтүстікқазақстандық шаруа Голландиядан 99 бас ірі қара әкелді

Солтүстік Қазақстан облысына голландиялық голштино-фриз тұқымды 99 ірі қара әкелінді.

Бұл істі Красная поляна ауылында алғашқы тауарлы-сүт фермасын құрған шаруа Юрий Красноголовый қолға алған. Мал иесі әр басқа 840 мың теңгеден төлегенін айтады. Солтүстік Қазақстан облысына сиырлар 8 күнде арнайы жүк көлігімен жеткізілді. Ал жүргізушілер қолайсыз ауа райы біраз шаршатты дейді. Ірі қараның бұл тұқымы ауыл тұрғындарына да таңсық келді. Сондықтан оны көруге жиналғандар қатары көп болды. Нидерландтан Қазақстанға дейін 4 мың шақырымдай. Жүргізушілер жолда тек тамақтанып, тынығуға ғана тоқтаған. Ал малдың жем-шөп, суы тура жүк көліктерінің ішінде берілді. Шаруа Юрий Красноголовый бір басқа 840 мың теңге төлегенін айтады. Енді оларды күтіп баптау үшін арнайы мал фермасын салып қойыпты.

Юрий Красноголовый, серіктестік директоры:

Қазір бір айға карантинге жабыламыз. Барлығы дайын. Солтүстікке үйренгенше шөп, су береміз. Содан кейін толық азық мөлшеріне көшеді. Әр малға мемлекеттен 150 мың теңге субсидия беріледі. Бұл біз үшін үлкен қолдау.

Юрий – туған ауылы Красная Полянада асылтұқымды мал шаруашылығын қолға алған іскер азамат. Қазір ол 300 сауын сиырға арналған заманауи тауарлы-сүт фермасын салып жатыр.

Темірұлан Бәкіров, Красная поляна ауылдық округінің әкімі:

– Бірінші рет осы ауылға асылтұқымды қара мал әкелініп жатыр. Осы ел-жұрт жұмыспен қамтылады. Қазір уақытта 25 адам жұмыс істеп жатыр. Тағы да 40 адамды жұмысқа аламыз деп үміттенеміз. Енді ауылда жазда да, қыста да жұмыс болады.

Голштино-фриз – сүтті сиырлар. Сондықтан шаруа көктемде Голландиядан тағы 200 бас ірі қара алуды көздеп отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Дмитрий Рура

Хабар 24 әлеуметтік желілерде