«ҚТЖ» көктемгі сел тасқынына әзірлігін бастады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

«ҚТЖ» көктемгі сел тасқынына әзірлігін бастады

  • 263
«ҚТЖ» көктемгі сел тасқынына әзірлігін бастады

Теміржол көктемгі сел тасқынына әзірленуде.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Көктемгі сел тасқыны маусымына әзірлік барысында қалыпты пойыз қозғалысын қамтамасыз ету үшін 42 пойыз жасақтады. Теміржол жасанды ғимараттарда селді өткізіп жіберу үшін пойыздар қиыршық тастармен, рельс пакеттерімен, темірбетон жентектерімен толтырылды.

Өңірлердегі теміржол дистанциялары 2,5 мың текше метр қойтас, 6 мыңнан астам темірбетон шпалдарын жиыстырды. Таяу арада ол пойыздарға цемент, түрлі сымдар жеткізілмек. Барлық жұмыстарды үйлестіріп отыру үшін қауіпті нысандарда арнайы жұмыс топтары құрылды.

Су тасқыны қаупін анықтау мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы жергілікті әкімшіліктермен және төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, су қоймалары, ауыл шаруашылығы тоспаларын тексеруден өткізуде. Сонымен қатар мемлекеттік автокөлік кәсіпорындары су өткізу жасанды ғимараттарын, теміржолға жақын автокөлік жолдарының жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Оның сыртында компанияның өңірлік филиалдарында теміржолды қардан аршу жалғасып жатыр. Жыл басынан бері жол бойынан 180 мың текше метр қар шығарылды. Барлық қар тазалау техникалары магистральдық желіге 600-ден астам рет шығып қайтты.

Теміржол тазалау жұмыстарына еңбеккерлер мен техникаларды жұмылдыру жұмыстары теміржол нысандарын алдағы көктемгі сел тасқынынан сақтауға бағытталған.

 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде