USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Алматы облысында 141 шақырымдық жол жөнделеді

  • 226
Алматы облысында 141 шақырымдық жол жөнделеді

Балқаш көлінің Алматы облысындағы демалыс аймағына келетін тынығушылар үшін қолайлы жағдайлар туғызылмақ.

Атап айтқанда, Молалы-Лепсі аралығындағы 141 шақырымдық жол толықтай жөндеуден өткізіледі. Оған 13 миллиард теңге жұмсалмақ. Жолдың ені бұрынғыдан кеңейтіледі, кейбір жерлерге автотұрақ орнатылады. Қазір құрылыстың жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп болды. Жұмыстар көктем шыға басталады. Оның алғашқы кезегіне 1,5 миллиард теңге бөлінді. «Облыстық маңызы бар жолдың жөндеуден өткізілуі аймақтағы туризмнің дамуына айтарлықтай ықпал етеді», – дейді мамандар.

Ғалымжан Дәрібаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шарын шатқалына баратын автомобиль жолына жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Ол жерге 11 шақырым. 11 шақырымға биыл облыстық бюджеттен 500 миллион теңге қаражат бөлінді. Жұмыстары басталады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде