USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Астанадағы ауруханалар мен басқа да мекемелер бірыңғай стильде қайта жабдықталады

  • 101
Астанадағы ауруханалар мен басқа да мекемелер бірыңғай стильде қайта жабдықталады astana.gov.kz

Таяу арада елордадағы барлық ауруханалар мен халыққа қызмет көрсететін мекемелер бірыңғай стильге көшеді.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана – адалдық алаңы» жобасы бойынша өткен кеңесте жобалық кеңсенің жетекшісі Жазира Жылқышиева бұл жаңалықтың ең алдымен халыққа ыңғайлы болуы үшін жасалынып жатқанын айта кетті.

«Ірі банктерге қарасаңыз, олар алыстан көрініп тұрады әрі бірден банк екенін білесің. Ірі сауда орталықтары да бірден көзге шалынады. Яғни осы ірі бизнестегі сияқты біздің мекемелердің де бірден білінетін стилі болуы қажет. Ең алдымен біз мұны медицина мекемелеріне, табиғи монополия субъектілеріне қолданғымыз келеді. Сондай-ақ тек сыртқы параметрлерін ғана емес, адамдарға да жайлы жағдай жасак арқылы өзгертеміз», – дейді Ж.Жылқышиева.

Ол жақын арада ғимарат дизайнының тұсаукесері болатынын айтты. Жоба Астанада жүзеге асырылып, екінші жарты жылдыққа дейін еліміздің барлық аймағындағы медициналық мекемелер де бірыңғай форматқа көшетінін жеткізді.

«Астана – адалдық алаңы» жобасының аясында ауқымды қоғамдық бақылау енгізетіні туралы хабарланған болатын. Арнайы топ құралдар енгізіп, әзірлейді, азаматтар соның көмегімен құрылыс және жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны бақылай алады, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаның да жүзеге асырылып жатқанын біліп отырады. Жобалық кеңсенің жетекшісі Жазира Жылқышиева Астананың барлық тұрғындарын мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту туралы өзінің ұсынысы мен жемқорлықтың деңгейін төмендетуге шақырды. Әрбір үміткер Бейбітшілік, 11, 101 кабинетте орналасқан жобалық кеңсеге келіп, жүгіне алады. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде