USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

«Есіл» ауданының әкімі қызметіне Төлеген Закарьянов тағайындалды

  • 108
«Есіл» ауданының әкімі қызметіне Төлеген Закарьянов тағайындалды

Қалалық мәслихаттың XXVII кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар Астана қаласы «Есіл» ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады. 

«Есіл» ауданының әкімі қызметіне Төлеген Закарьяновтың кандидатурасы ұсынылды.

«Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов стратегиялық тұрғыдан маңызды деген басқармалардың біріне жетекшілік етіп, қаладағы ірі жобалардың іске асырылуына өзінің сүбелі үлесін қосқан болатын. Оның мол тәжірибесі бар. Ол аймақтарда, министрліктерде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді», – деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев. 

Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде