USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Сыр өңірінде сең жүруі мүмкін

  • 136
Сыр өңірінде сең жүруі мүмкін Matritca.kz

Қызылорда облысы мол су қабылдауға дайындық үстінде.

Өткен аптада өзен бөгеті 10 жерден жарылып, Сырдария ауданында жарияланған табиғи сипаттағы төтенше жағдай әлі де сақтаулы. Қазіргі таңда бұзылған бөгет қалпына келтірілді. Енді одан әрі нығайтылып жатыр. Облыстың солтүстік аудандарында және өзеннің теңізге құяр сағасында мұздың қалыңдығы 60 см-ден асады. Сала мамандарының болжамынша, наурыздың басында мұз көбесі сөгіліп, сең жүре бастайды. Облыс бойынша су басу аймағына жақын орналасқан 56 елді мекен анықталып отыр. Жергілікті билік төтенше жағдай қызметімен бірігіп 101 эвакуациялық бекет дайындап қойды. 

Жолдас Досымов, облыстық ТЖД бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Департамент қызметкерлері Сырдария өзеніне жақын орналасқан елді мекендерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Облыс бойынша су тасқынына қарсы жұмылдырылатын күш құралдар саны: 1081 адам, 361 бірлік техника, 35 мотопомпа, 2 тікұшақ, 4 моторлы қайық дайындыққа келтірілген.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде