USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

Ақтөбе облысында малдан бруцеллез табылды

  • 455
  • Media
Ақтөбе облысында малдан бруцеллез табылды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының екі бірдей ауылында бруцеллез дертінің шығуына байланысты шектеу шаралары қойылды. Осы күндері Қаратал ауылында 68 бас, Кемер ауылында 21 бас ірі қарадан ауру анықталған.

Қазір ауданда республикалық ветеринария комитетінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Әрбір 15 күн сайын ауыл малынан қан сынамасы алынып отырады. Жалпы облыс бойынша биыл 14 қолайсыз ошақ анықталған. Оның ішінде Темір, Мәртөк, Байғанин, Хромтау және Шалқар аудандарында бірнеше дерек тіркелген. Жыл басынан бері 50 мыңға жуық ірі қарадан қан сынамасы алынып, оның 300-ден астамынан бруцеллез анықталған. Ауру малды санитарлық зарарсыздандыру шараларына биыл бюджеттен 87 млн теңге бөлінген. Яғни ет өңдеу кәсіпорындарына өткізілетін әр малға өтемақы беріледі. Тиісті қаржының 70 пайызы кәсіпорынның, ал қалған 30 пайызы мемлекеттің есебінен төленеді.

Кеңес Қанатбаев, облыстық ветеринария басқармасының  жетекшісі:

- Былтырдың өзінде ірі қарадан 573 544 бас тексерілді. Ол жылда-жылда тексеріліп отыратын нәрсе. Шектеу шаралары саны малдың инфекция болған жерден ары қарай тарап кетпеуі үшін біз шектеу қоямыз. Мына, Ойыл ауданында жаңағы, біз шектеу қойдық. Оның ішінде 4 түліктің бәрі бар ғой бұл ауылда, біз тек ірі қараны қозғаймыз. Сіздің қойыңыз бар ма, қойыңызды шығарыңыз, түйеңіз бар ма, жылқыңыз бар ма шығарыңыз, тек ғана ірі қара. Уақытша шектеу біткенше қозғамауды сұраймыз.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде