«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотеканың пайыз мөлшерлемесі арзандауы мүмкін - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотеканың пайыз мөлшерлемесі арзандауы мүмкін

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотеканың пайыз мөлшерлемесі арзандауы мүмкін

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелердің мөлшерлемесі азаюы мүмкін. Оны төмендету жөнінде үкіметке арнайы ұсыныс берілген. Мұндай мәселенің қаралып жатқанын   инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері хабарлады.

Еске сала кетейік, Елбасы тапсырмасымен 2030 жылға қарай халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін бір адамға шаққанда 30 шаршы метрге дейін жеткізу көзделген. Қазір бұл көрсеткіш 20 шаршы метр көлемінде. Осыған байланысты министрлік «Нұрлы жер» арқылы берілетін жеңілдетілген несиенің тиімділігін арттыру тетіктерін жетілдіре түспек.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

- Субсидиялауды көбейтеміз ба деп отырмыз. Банктердің ставкасы азая ма деп отырмыз. Екінші жағдайымыз банктерге қалай көмектесу керек екен соған ставкасы азайсын дегендей. Осы екі тараппен жүріп жатырмыз. Екеуі де іске асады. Пайызы 10 пайыздан аспау керек деп отырмыз. Одан көп асатын болса, үкімет өз тарапынан субсидиялайтын механизмін жүзеге асырады. Қалған банктердің жұмысқа ақшаларын жұмсау үшін қандай тетіктері бар екен, ипотеканы 10 пайыздан да түсірсек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде