USD 325.75

EUR 382.61

РУБ 5.31

ШҚО-ның Үржар ауданында сары ауруды жұқтыру дерегі қайталанды

ШҚО-ның Үржар ауданында сары ауруды жұқтыру дерегі қайталанды

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында тағы бірнеше баладан сары ауру анықталған. Бұл туралы біздің тілшілерімізге Таскескен ауылындағы аурухананың аға дәрігері Серікқали Еңсебаев хабарлап отыр.

Кеше осы ауылдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 3-ші және 5-сынып оқушыларынан А гепатиті анықталып, шұғыл түрде аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Білім ордасында 260 оқушы бар. Науқас екі бала бір отбасының мүшелері, олармен қатынаста болған 40 оқушыға екпе жасау қарастырылып жатыр.

«Қазір олардың денсаулығы бақылауда, мектепте тазалық және оқшаулау шаралары қолға алынды», - дейді мамандар. Таскескен ауылының соңғы кездері сары ауру жиі тіркелген Шолпан ауылынан 18 шақырымда орналасқанын да айта кетейік.

Серікқали Еңсебаев, Таскескен ауылдық ауруханасының аға дәрігері:

- Сонда 2 бала нақты анықталған. Бір бала күдікпен жібердік. Үшінші бала да жатыр, бірақ ол қазір диагнозын олар тексеріп анықтап айтады. Ол оқымайды, мектептің баласы емес, үйдегі бала, 5 жастағы бала.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде