USD 325.75

EUR 382.61

РУБ 5.31

Astana taxi қызметкерлері туристердің жоғалған затын қайтарды

  • 395
Astana taxi қызметкерлері туристердің жоғалған затын қайтарды

Ұзақ сапардан шаршаған мысырлық отбасы Astana taxi көлігінде сөмкесін қалдырып кеткен.

Сөмке компанияның таңертең кеңсесіне жеткізіліп, өз қожайындарына қайтарылды.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Astana taxi көлікте қалдырылған әр затты өз иесіне қайтару қағидасын ұстанады.

Компания зат көлікте қалдырылған жағдайдағы әрекет етудің алгоритмін ұсынады.

«Егер жолаушы өз затының жоғалғанын сапардан кейін бірден байқаса, сол арада тапсырыс берілген таксиге қоңырау шалып, оператормен сөйлесуі керек. Оператор өз кезегінде жолаушыны көлік жүргізушісімен байланыстыратын болады. Жолаушы өз затының жоғалғанын сапардан біраз уақыт өткен соң байқаса, 15800 нөмірі бойынша компанияның кеңсесіне хабарласуы қажет. Жолаушы менеджерге тапсырыс берілген күнді, машинаның нөмірі мен тапсырыстың қандай телефоннан берілгендігін атауы тиіс», – деп жазылған хабарламада.

Astana taxi жүргізушілерге әр сапардан кейін көлік салонын қарап, жолаушылардың есіне өз заттарын тексеруі керектігі туралы салуға кеңес береді. Бұл қалдырылған заттарды кеңсеге апару қажеттігінен босатып, уақыт үнемделеді. Жолаушылардың да ұқыпты болғаны абзал.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде