USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Өскеменде өрт сөндірушілер арасында чемпионат өтіп жатыр

Өскеменде өрт сөндірушілер арасында чемпионат өтіп жатыр

Өскеменде өрт сөндіру-құтқару спортынан республикалық қысқы чемпионат өтіп жатыр.

Биылғы жарыста балалар, жасөспірімдер мен ересектер командасы бірігіп өнер көрсетті. Еліміздің барлық аймағынан келген 600-ге жуық спортшы мұнараға шабуыл сатысымен көтерілу, өрт баспалдағын орнату, су шашу құбырларын жылдам жинау және кедергілерді еңсеру cияқты сынақтар бойынша бақ сынасты. Алғашқы жарыс күнінде жасөспірімдер рекорд жаңартып, шапшаңдығымен көзге түсті. Қысқы және жазғы чемпионаттан сүрінбей өткендер Ұлттық құрама сапына алынып,  Словакияда өтетін әлемдік додаға қатысады. 

Дәурен Құсманов, республикалық қысқы чемпионат жүлдегері:

- Қарсыластарым жақсы дайындықпен келген екен. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» дегендей, менің бағым жанды деп ойлаймын. Біз бір ай бұрын дайындық жүргіздік. Соның арқасында жүлделі үшінші орынды алдым деп ойлаймын.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде