Елордада Конституциялық Кеңес жариялаған байқау жеңімпаздары марапатталды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Елордада Конституциялық Кеңес жариялаған байқау жеңімпаздары марапатталды

Елордада Конституциялық Кеңес жариялаған байқау жеңімпаздары марапатталды

Конституциялық Кеңес жариялаған байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Шара Ата заңымыздың үстемдігін қамтамасыз ету, жастардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Елорданың мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студенттері бақ сынасқан байқауға ұзын саны 430 өтініш түскен. Оның 283-і студенттер, 146-сы мектеп оқушылары. Конституциялық Кеңес мүшелері жүзден жүйрік шыққан эссе авторларын  марапаттады. Алдағы уақытта заң саласына маманданып жатқан студенттер арасында да осындай шара өткізу жоспарда бар.

Дастан Қастай, әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ студенті:

- Кезіндегі Түркі бабаларымыздың «Дала жарғысын», Шыңғысханның «Жасағын», одан кейін Абайдың 74 баптан тұратын біреу білсе, біреу білмейтін «Қара молла» ережесі деген бар. Соларды талдап отырып, біздің бүгінгі дефакто заңның осы ата-бабаларымыздың тікелей дала кемеңгерлерінің құрып кеткен жалғастығы екенін дәлелдеп шықтым.

Унзила Шапақ, ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі:

- Конкурстың нәтижесінде біз өзіміздің сенімімізді ақтайтын жас буын бар екендігіне толық сендік. Өте жақсы жазылды. Қазір басқа ағында, күнделікті өмірлеріне сәйкестендіріп  мысал келтіре отырып, эссе жұмыстарын жазған. Эссеге арнайы талаптар қойылды. Жұмыстың біртұтастығы, дербес ойын толық  анықтап шығуы ой түйіндерінің бастапқы қойған мақсаттарға сәйкес келетіндігі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде