Алматы облыстық сотында медиация кабинеті ашылды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 361,07

EUR 409,95

РУБ 5.43

Алматы облыстық сотында медиация кабинеті ашылды

Алматы облыстық сотында медиация кабинеті ашылды

Алматы облыстық сотында құқықтық қызмет орталығы мен медиация кабинеті ашылды. Ол Жоғарғы Соттың «Сот төрелігінің 7 түйіні» жобасы аясында жұмыс істей бастады.

«Мақсат – қоғамдағы дау-жанжалдар деңгейін төмендетуге көмектесетін келісу рәсімдерінің көлемін кеңейтіп, оңтайлы құқықтық орта құру. Мекеме халыққа тегін қызмет көрсетеді. Біз бұл тұрғыда аймақтық кәсіподақ пен халыққа қызмет көрсету орталығы және мемлекеттік қызмет істері агенттінің департаментімен іскерлік қатынастар жөніндегі төрт жақты меморандумға қол қойдық»,- дейді мамандар.

Самат Қайратұлы, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Онда халыққа тұрақты негізде медиатор, адвокат, нотариус мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, халыққа қызмет көрсету орталығының және Алматы облыстық кәсіподақ бірлестігінің өкілдері ауысып қызмет көрсетеді. Орталықтың басты мақсаты – азаматтар арасындағы жанжалдарды шешу бойынша қызметтер кешенімен қамтамасыз ету.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде