Менингококк инфекциясынан үш адам қайтыс болды: Министрлік пікір білдірді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Менингококк инфекциясынан үш адам қайтыс болды: Министрлік пікір білдірді

  • 252
Менингококк инфекциясынан үш адам қайтыс болды: Министрлік пікір білдірді privivku.ru

Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой менингококк инфекциясына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Вице-министр қазіргі уаықтта менингококк инфекциясы бойынша шамамен 21 жағдайдың тіркелгенін хабарлады. Олардың 18-і анықталып, расталған. Сондай-ақ ол қазіргі уақытта жағдайдың бақылауда екенін айтты.

«Жалпы жағдай тұрақты. 2014 жылы 64 дерек тіркелді, ал қазір 21 дерек», – деді Алексей Цой.

«Байбалам салудың қажеті жоқ. Бұл әр үш жыл сайын қайталанып тұрады. Өздеріңіз көріп отырғандай, бізде ауа райы суық. Мұнымен қоса, ауа райы тез өзгеріп жатыр. Осы процестердің дамуына бірінші кезекте салқын ауа райы әсер етіп отыр. Меніңше, бұл жағдайды тек қатты жандандырып жатыр. Кезінде болған 66 дерек пен осы 21 деректі салыстырыңыздаршы», – деді денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой.

Осыған дейін Алматыда менингококк инфекциясын жұқтырған баланың 4 сағат ішінде қайтыс болғаны жайлы хабарланған еді. Қалалық жұқпалы аурулар емханасының бас дәрігері Ержан Сералиннің айтуынша, әйел мен баласы шұғыл сепсистен қайтыс болған. Әйелдің ауруы асқынған назофарингиттен басталған. Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда менингиттің тарағаны жөнінде хабарламалар тарап, дәрігерлер оған қатысты пікір білдірген еді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде