Астанада кран жүргізушісі көрші крандағы дауылмен алысқан адамды видеоға түсіріп алған (бейне) - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 361,07

EUR 409,95

РУБ 5.43

Астанада кран жүргізушісі көрші крандағы дауылмен алысқан адамды видеоға түсіріп алған (бейне)

Астанада кран жүргізушісі көрші крандағы дауылмен алысқан адамды видеоға түсіріп алған (бейне)

WhatsApp мессенджерінен Астанадағы дауыл кезінде кранның жүргізушісі түсіріп алған видео тарап жатыр, деп хабарлайды Elorda Info.

Түсірілген бейнеде кран кабинасында отырған әйел адамның биіктікте ары-бері шайқалып жатқаны байқалады. Түсіру кезінде кран жүргізушісінің қорқыныштан айқайлап жатқаны және  былапыт сөздері естіледі. Оның ары-бері шайқалғаннан үрейленгені және болып жатқан қатты дауылдан даурыққаны білініп тұр.  

Түсірілім кезінде түсіруші қорқынышпен бірге жақын жерде орналасқан «BI Group» құрылыс компаниясының басқа крандағы қызметкерінің дауылмен алысып, төмен түсіп бара жатқан  іс-әрекетіне де түсініктеме беріп үлгеріп жатыр.

Ол сондай-ақ алдын-ала нашар ауа райы туралы ескерту болмағанын да айтып, ұрсып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті берген ақпаратқа сәйкес, бүгін Астанада дауыл кезінде екі мұнара крандары құлап түсті. Олар:

- Есіл ауданы, Түркістан көшесіндегі 4а - салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үй аумағында құлаған, зардап шеккендер жоқ;

- Сарыарқа ауданы, Сұлукөл көшесі - 14, құрылыс нысанының аумағында құлаған, зардап шеккендер жоқ.

Elorda Aqparat

Хабар 24 әлеуметтік желілерде