Павлодар облысының бірнеше ауданы дауылдан келген шығынды есептеп жатыр - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 361,07

EUR 409,95

РУБ 5.43

Павлодар облысының бірнеше ауданы дауылдан келген шығынды есептеп жатыр

Павлодар облысының бірнеше ауданы дауылдан келген шығынды есептеп жатыр

Павлодар облысында да бірнеше аудан дауылдан келген шығынды есептеп жатыр.

Бүгін қатты жел тұрып, бірнеше нысанның шатырына зақым келген. Ақтоғай ауданында жергілікті серіктестіктің жөндеу цехының шатырын жел ұшырып әкеткен. Ал аудандық подстансаның құлаған төбесі екі жеңіл көлікті басып қалды. Железинка ауданында мектептің шатыры қираған. Осындай оқыс жағдай Баянауыл ауданында да қайталанып отыр. Қатты дауылдың әсерінен бірнеше нысанға зиян келген. Барлық оқиға бойынша облыстық ТЖД тексеру жүргізіп жатыр. Адам шығыны жоқ.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде