СҚО-да сүт өндірісі 14,5 мың тоннаға дейін артады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 361,07

EUR 409,95

РУБ 5.43

СҚО-да сүт өндірісі 14,5 мың тоннаға дейін артады

  • 125
СҚО-да сүт өндірісі 14,5 мың тоннаға дейін артады

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 3 мың 700 бас сиырға арналған 7 сүт кешені іске қосылады.

Қазір олардың құрылысы қызу жүріп жатыр. Жоба толықтай жүзеге асса, өңірде сүт өндірісі тағы 14 жарым мың тоннаға дейін артады. Мұнымен қоса бес бордақылау алаңы ашылмақшы. Аграрлы аймаққа жұмыс сапарымен барған еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев осы салада атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ал жер емген диқандар дала төсіне шығып, бүгінгі күні егістік жұмыстарының 39 пайызын еңсерген. Биыл облыста ауыл шаруашылығы жерлерін әртараптандыру мықтап қолға алынды. Яғни майлы дақылдар алқабы 41 пайызға артып, 1 миллион гектарға дейін ұлғайтылды. Енді шаруалар ауа райы қолбайлау болмаса, маңызды науқанды алдағы 10 күнде аяқтауды жоспарлап отыр.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:

- Биылдан бастап заңға өзгерістер енгізіліп отыр. Яғни кез келген фермерге енді элиталық тұқым сатып алуға мемлекет субсидия беретін болады. Олар оны егіп, келер жылдарға өздеріне жақсы тұқым қорын жинақтай бастайды. Осылайша біз 2021 жылға дейін біз элиталық тұқым қорын жаңартуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде