USD 341.08

EUR 394.60

РУБ 5.34

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 16 қылмыскер ұсталды

  • 85
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 16 қылмыскер ұсталды

Астанада мамырдың 21-31 аралығында «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Осы шараның негізгі мақстаты – қала аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылық пен қылмыстың алды алу.

Жедел алдын алу шарасының аясында 3200 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 100-ден астам ұсақ бұзақылық, 200 факт қоғамдық жерде спирттік ішімдік ішкен, 250-ден астам абаттандыру ережесін бұзғаны анықталды.

38 қылмыс ашылып, 30-дан астам бұрын жасалған қылмыстар әшкереленді. Іздеу салынған 16 қылмыскер ұсталды.

Сонымен қатар миграциялық заңдылықты бұзу фактісіне аса көңіл бөлінді. 1400-ден астам жалға берілетін үй, пәтерлер, ТҚО, сауда орталықтары, құрылыс нысандары тексерілді.

Нәтижесінде 926 шетел азаматы ҚР көші-қон заңнамасын бұзған. 22 Қазақстан Республикасының азаматы шетел жұмыс күшін заңға қайшы қолдануын бұзғаны және 46 мекенжайға заңсыз тіркеу фактісі үшін әкімшілік жаза тартылды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде