USD 340.27

EUR 396.40

РУБ 5.34

Астана қаласының ІІД жол ережелерін сақтауға шақырады

  • 81
Астана қаласының ІІД жол ережелерін сақтауға шақырады astana.gov.kz

Елорда көшелеріндегі жаяу жүргіншілер өткелдері алдында  «Баланың қолынан ұстаңыз!», «Құлақ қаптарды шеш!», «Жан жағыңа қара!» сияқты жазбалар пайда болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қалалық ІІД-де атап өткендей, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының орын алуына жаяу жүргіншілердің өздері себеп болатын жәйттер аз кездеспейді. Оқыс оқиғалар көбіне жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігінен өту кезінде ұялы телефондарын қолданып, құлақ қаптарын тағып жүретінен орын алады. Бұл өз кезегінде олардың жол қозғалысы ережелеріне аууы тиіс назарын сейілте түсірсе керек. 

Осындай жағдайлардың санын азайту және оларды болдырмау мақсатында Астана қаласы ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасы жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдына «Баланың қолынан ұстаңыз!», «Құлаққапты шеш!», «Жан жағыңа қара!» сияқты жазбаларды тротуарларға түсіруді ұсынып отыр. 

«Қазір мұндай жазбалар Ақжол көшесінде бар. Ұсынылып отырған іс-шаралар елордамыздың жолдарында орын алатын апаттық жағдайларды төмендетуге, жаяу жүргіншілердің назар аударуына, сондай-ақ олардың жолдарда сақ болуына, қауіпсіздік шараларын сақтауға мүмкіндік бере алады», – делінген таратылған хабарламада.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде