USD 338.78

EUR 388.90

РУБ 5.38

Таразда өрттен 6 жасар қыз көз жұмды

Таразда өрттен 6 жасар қыз көз жұмды

Таразда көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 6 жастағы қыз опат болды.

Қайғылы оқиға қаладағы шағын аудандардың бірінде болған. 5-қабаттағы пәтердің 30 шаршы метрін от шарпып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Қызыл жалынды сөндіру үшін 5 арнайы техника мен 18 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Өрт кезінде 33 адам эвакуацияланып, 11 адам құтқарылды. Оның төртеуі бала. Мамандардың айтуынша, өрт ересектердің салғырттығынан болған. Өрт басталған кезде 6 жастағы қыз үйінде ұйықтап жатқан екен. Жалпы өңірде соңғы жылдары мұндай жағдай жиіліген. Статистика көрсетіп отырғандай, облыста жылына 700-ге жуық өрт оқиғасы тіркеледі. Соңғы 5 жылда аймақта тілсіз жаудың кесірінен 94 адам көз жұмған. Оның 13-і бала.

Асқар Базарбаев, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

- Өрт оқиға болған кезде, көршілердің айтуы бойынша, екі қыз – біреуі 8 сыныпта, біреуі 6 жасар болған. Алты жасар қыздың мәйіті табылды. Сұрастыру жұмыстары жүргізілгенде, үлкен қыз кішкентай қызды ұйықтатып, сыртқа шығып кеткен. Үйінде жалғыз бір қыз қалған. Компьютер үстелінің жанында темекінің тұқылы жатқан. Содан болуы мүмкін.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде