Канада азаматы Алматы әуежайы арқылы 73 мың еуро алып өтпек болған - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 361,07

EUR 409,95

РУБ 5.43

Канада азаматы Алматы әуежайы арқылы 73 мың еуро алып өтпек болған

Канада азаматы Алматы әуежайы арқылы 73 мың еуро алып өтпек болған

Өткен жылы ТМД-ға мүше елдердің Құқық қорғау басқармалары комитетінің күштері 3 жарым мың қылмыстық іс қозғаған.

Алматыда басқосқан көршілес мемлекеттердің кеден қызметтерінің басшылары Комитеттің 17-отырысында бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесін қорытындылады. Ірі қылмыстың бірі жақында Алматы әуежайында анықталды. Канада азаматы декларацияланбаған 73 мың еуро мен 1 жарым мың АҚШ долларын алып өтпек болған. Жалпы жыл басынан бері Еуразиялық экономикалық одақтың кеден бекеттері арқылы заңсыз ақша алып өтуге қатысты 21 дерегі тіркелген. Нәтижесінде 310 мың доллар, 119 мың еуро, 43 мың юань тәркіленіп, сот шешімімен мемлекет бюджетіне берілген. Сондай-ақ былтыр 8 тонна есірткі заттары тәркіленген. Мысалы, Әжірбайжанда көлікке жасырылған 90 келі героин әшкере болды. Ал белорустық әріптестері Польшадан келе жатқан көліктің бірінен 250 келі гашиш тапты. Отырыс барысында кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің 2020 жылға дейінгі стратегиясы бекітілді.     

Анатолий Серышев, РФ ФКҚ басшысының орынбасары:

- Қылмыскерлер бірін-бірі жақсы таниды. Заңсыз әрекеттерін іске асыру үшін тез тіл табысады. Заңдарды жақсы біледі. Біз  мемлекет басшыларының бизнеске қолайлы жағдай жасау, экономикалық қарым-қатынасты жеңілдету туралы тапсырмаларын орындауымыз керек. Сонымен қатар, қылмыстың санын арттырмау үшін Құқық қорғау басқармалары басшыларының комитеті тиімді жұмыс істеуі қажет.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде