USD 340.27

EUR 396.40

РУБ 5.34

KADEX 2018: әуе қорғанысы күштерінің қойылымы өтеді

KADEX 2018: әуе қорғанысы күштерінің қойылымы өтеді

26 мамыр – «КАДЕКС 2018» көрмесінің соңғы күні.

Әсел Тұмашқызы, тілші:

- КАДЕКС-2018 халықаралық көрмесінің соңғы күні. Сондықтан болар көрмеге келушілердің қатары қалың. Көрме сағат 9-нан бастап есігін айқара ашты. Бүгін әуе қорғанысы күштерінің қойылымы болады деп жоспарланған. осыдан жергілікті тұрғындардың жалпы әскери салаға деген қызығушылығын аңғаруға болады.

Айта кетейік, биылғы көрмеге 40-тан аса елден делегаттар қатысып жатыр. Оның ішінде 20 елден келген делегация өздерінің қару-жарағы мен әскери-авиациялық техникасын көпшілік назарына ұсынды. Көрме уалаңында барлығы 11 павильон. Оның үшеуі Түркия, Қытай және Ресей Федерациясының жеке көрме алаңдары. Жалпы мұнда келген көрермен 18 әуе және 124 құрлықтық техникасымен таныса алады. Көрме кешкі сағат 5-ке дейін жұмыс істейді. соңғы күн болғандықтан 2 жылда бір мәрте өтетін шараны жіберіп алмаңыз, дегім келеді. Көрме Астана халықаралық әуежайының әскери секторында өтіп жатыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде